HP LaserJet P2035 Printer series - Баспа картриджінің аумағын тазалау

background image

Баспа картриджінің аумағын тазалау

Картридждің айналасын жиі тазалаудың қажеті жоқ. Дегенмен, бұл тұсты тазалау басып
шығарылған парақтардың сапасын жақсартуы мүмкін.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Жарақат алып қалмау үшін өнімді өшіріп, электр қуат кабелін ажыратыңыз,

содан кейін оны тазалаудың алдында өнімнің салқындағанын күтіңіз.

1.

Баспа картриджінің есігін ашып, баспа картриджін шығарыңыз.

ЕСКЕРТУ:

Өнімнің ішіндегі қара губкалы шығыршыққа тиіспеңіз. Бұл өнімге зақым келтіруі

мүмкін.

ЕСКЕРТУ:

Баспа картриджіне зиян келмеу үшін оны жарыққа қоймаңыз. Оның үстін

қағазбен жауып қойыңыз.

KKWW

Өнімді тазалау

71

background image

2.

Құрғақ, тегіс матамен баспа құралы өтетін жолдың тұсы мен картридж қуысындағы
қалдықтардың барлығын сүртіп алыңыз.

3.

Баспа картриджін орнына салып, картридж есігін жабыңыз.

4.

Электр қуат кабелін қайта жалғап, өнімді қосыңыз.