HP LaserJet P2035 Printer series - Енгізілген веб-сервер

background image

Енгізілген веб-сервер

Енгізілген веб сервері өнімді жəне желі мəртебесін көруіңізге жəне компьютеріңіздегі баспа
функцияларын басқаруыңызға мүмкіндік береді. Тапсырмаларды орындау үшін енгізілген веб
серверін пайдаланыңыз:

Өнім мəртебесі жөніндегі ақпаратты көру.

Барлық материалдардың қалған қызмет ету мерзімін анықтау жəне жаңаларына тапсырыс
беру

Əрбір науаға салынған қағаздың өлшемі мен түрін қарау жəне өзгерту

Өнімнің əдепкі конфигурациялау параметрлерін қарау жəне өзгерту

Желінің конфигурациясын көру жəне өзгерту

Сізге компьютерге бағдарламалық жасақтаманы орнатудың қажеті жоқ. Осындай қолдаудағы веб
шолғыштарының біреуін пайдаланыңыз:

Internet Explorer 6.0 (жəне кейінгісі)

Netscape Navigator 7.0 (жəне кейінгісі)

Firefox 1.0 (жəне кейінгісі)

Mozilla 1.6 (жəне кейінгісі)

Opera 7.0 (жəне кейінгісі)

Safari 1.2 (жəне кейінгісі)

Konqueror 3.2 (жəне кейінгісі)

Өнім TCP/IP желісіне қосылғанда, енгізілген веб сервер істемейді. Енгізілген веб сервер IPX
қосылымдарын немесе тікелей USB қосылымдарын қолданбайды.

ЕСКЕРІМ:

Енгізілген Веб серверін ашып, пайдалану үшін Интернет байланысы қажет емес.

Дегенмен, кез келген бетте берілген сілтемені бассаңыз, сол сілтемемен байланыстырылған
сайтқа бару үшін Интернет байланысы болуы қажет.