HP LaserJet P2035 Printer series - Соңғы Пайдаланушының Лицензиялық Келісімі

background image

Соңғы Пайдаланушының Лицензиялық Келісімі

ОСЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ӨНІМІН ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ:
Осы Соңғы Пайдаланушының Лицензиялық Келісімі («СПЛК») Сіздің бағдарламалық құрал өнімін
(«Бағдарламалық құралды») пайдалануыңызды реттейтін (a) Сіз (жеке тұлға немесе сіз танытып
отырған ұйым) жəне (b) Hewlett-Packard (HP) Компаниясы арасында жасалған келісім болып
табылады. Сіз жəне НР немесе оның жабдықтаушыларының арасында Бағдарламалық құрал
бойынша жасасқан бөлек лицензия, соның ішінде онлайн құжаттамасындағы лицензиялық
келісім болған жағдайда бұл СПЛК қолданылмайды. «Бағдарламалық құрал» термині (i) тиісті
медианы, (ii) пайдалану жөніндегі нұсқаулықты жəне өзгедей материалдарды жəне (iii) «онлайн»
немесе электрондық құжаттаманы (бірлесе отырып «Пайдаланушы Құжаттамасын») қамтуы
мүмкін.

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ИЕЛЕНУ ҚҰҚЫҚТАРЫ СІЗ ОСЫ СПЛК БАРЛЫҚ ШАРТТАРЫМЕН
ЖƏНЕ ЖАЙТТАРЫМЕН КЕЛІСУ ЖАҒДАЙЫНДА ҒАНА ТАПСЫРЫЛАДЫ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ
ҚҰРАЛДЫ ОРНАТУ, КӨШІРУ, ЖҮКТЕУ НЕМЕСЕ ӨЗГЕДЕЙ ЖОЛМЕН ПАЙДАЛАНУ
НƏТИЖЕСІНДЕ СІЗ ОСЫ СПЛК ШАРТТАРЫМЕН КЕЛІСЕСІЗ. ЕГЕР СІЗ ОСЫ СПЛК
ҚАБЫЛДАМАЙТЫН БОЛСАҢЫЗ, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ОРНАТПАҢЫЗ, ЖҮКТЕМЕҢІЗ
НЕМЕСЕ ӨЗГЕДЕЙ ЖОЛМЕН ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. ЕГЕР СІЗ ОСЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ
САТЫП АЛСАҢЫЗ, БІРАҚ ОСЫ СПЛК ШАРТТАРЫМЕН КЕЛІСПЕСЕҢІЗ, САТЫП АЛУ ҚҰНЫН
ӨТЕП АЛУ ҮШІН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ САТЫП АЛУ КҮНІНЕН БАСТАП ОН ТӨРТ КҮН
ІШІНДЕ САТЫП АЛУ ОРНЫНА ҚАЙТАРЫҢЫЗ; БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ОРНАТЫЛЫП ҚОЙҒАН
НЕМЕСЕ ӨЗГЕ НР ӨНІМІМЕН ҚОСА ПАЙДАЛАНУҒА ЖАРАМДЫ БОЛСА, СІЗ ТОЛЫҚТАЙ
ПАЙДАЛАНБАҒАН ӨНІМДІ ҚАЙТАРА АЛАСЫЗ.

1. ҮШІНШІ ТАРАП БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛЫ. Бағдарламалық құрал НР жекеменшігіндегі
бағдарламалық құралмен («HP Бағдарламалық құралы») қоса үшінші тараптан алынған
лицензиямен жеткізілетін бағдарламалық құралды қамтуы мүмкін («Үшінші Тарап Бағдарламалық
құралы» жəне «Үшінші Тарап Лицензиясы»). Кез келген Үшінші Тарап Бағдарламалық құралының
лицензиясы Сізге сəйкес Үшінші Тарап Лицензиясының шарттары мен жайттарына сəйкес
беріледі. Əдетте, Үшінші Тарап Лицензиясы license.txt немесе ұқсас файлдарда орналасады; Сіз
ешқандай Үшінші Тарап Лицензиясын таба алмаған жағдайда HP қолдау қызметімен
хабарласуыңыз тиіс. Үшінші Тарап Лицензиясы көз кодына қол жеткізу мүмкіндігін беру үшін
жеткізілетін лицензияларды (GNU Негізгі Қоғамдық Лицензиясы сияқты) қамтитын болса жəне
сəйкес көз коды бағдарламалық құралмен жеткізілмесе, HP веб-сайтындағы (hp.com) өнімді
қолдау бетіне кіріп, сондай көз кодын қалай алуға болатындығын біліңіз.

2. ЛИЦЕНЗИЯ БОЙНША БЕРІЛЕТІН ҚҰҚЫҚТАР. Сіз осы СПЛК барлық шарттарымен жəне
жайттарымен келісу нəтижесінде Сізге келесідей құқықтар беріледі:

a. Пайдалану. HP Сізге НР Бағдарламалық құралының бір нұсқасын Пайдалану құқығын
тапсырады. «Пайдалану» НР Бағдарламалық құралын орнатуды, көшіруді, сақтауды, жүктеуді,
орындауды, көрсетуді немесе кез келген өзгедей жолмен пайдалануды білдіреді. Сізге НР
Бағдарламалық құралын өзгертуге немесе НР Бағдарламалық құралының лицензиялау немесе
басқару мүмкіндіктерін ажыратуға тыйым салынады. Бағдарламалық құрал НР компаниясымен
бейнелеу немесе басып шығару өнімімен (мысалы, Бағдарламалық құрал болып принтер
драйвері, енгізілген БҚ немесе қолсымша болып табылса), HP Бағдарламалық құралы тек сондай
өніммен («HP Өнімі») ғана пайдаланылуы мүмкін. Пайдаланудың қосымша шектеулері
Пайдаланушы Құжаттамасында көрсетілуі мүмкін. Сізге Пайдалануға арналған НР
Бағдарламалық құралының құрам бөліктерін бөліп алуға тыйым салынады. Сізде НР
Бағдарламалық құралын тарату құқықтары жоқ.

b. Көшіру. Сіздің көшіру құқықтарыңыз Сізде НР Бағдарламалық құралының əр көшірмеде НР
Бағдарламалық құралының жекеменшік құқықтары жөніндегі ескертулері бар жəне сақтандыру
мақсаттарында ғана қолданылатын архивтеу немесе сақтандыру көшірмесін жасау мүмкіндігі бар
екендігін білдіреді.

KKWW

Соңғы Пайдаланушының Лицензиялық Келісімі 123

background image

3. ЖЕТІЛДІРУ. НР компаниясымен жеткізілетін НР Бағдарламалық құралынын Пайдалануды
жетілдіру, жаңарту немесе толықтыру (бірлесе отырып «Жетілдіру») үшін, Сіз ең алдымен НР
тарапынан Жетілдіруге құқылы деп танылған НР Бағдарламалық құралды пайдалану
лицензиясын алуыңыз тиіссіз. Жетілдіру НР өзіндік Бағдарламалық құралының орын басу
жағдайында Сізге ондай НР Бағдарламалық құралын пайдалануға болмайды. Осы СПЛК НР
Жетілдірудің жаңа шарттарын қоймайынша, əр Жетілдіруге қатысты қолданыста болады. Осы
СПЛК жəне сондай өзге шарттар арасында қайшылықтар туу жағдайында өзге шарттар басым
күшке ие болады.

4. ЖЕТКІЗУ.

a. Үшінші Тарап Жеткізуі. НР Бағдарламалық құралы соңғы пайдаланушылардың біріншісі НР
Бағдарламалық құралын өзге соңғы пайдаланушыға бір рет жеткізе алады. Əр жеткізу құрамында
барлық құрам бөліктер, медиа, Пайдаланушы Құжаттамасы, осы СПЛК жəне, қолданылу
жағдайында, Шынайылық Сертификаты болады. Жеткізу бір партия түріндегі тікелей емес жеткізу
болмауы мүмкін. Жеткізбес бұрын, соңғы пайдаланушы осы СПЛК келісетіндігін қабылдайды. НР
Бағдарламалық құралын жеткізу барысында Сіздің лицензияңыз автоматты түрде күшін жояды.

b. Шектеулер. Сіз Нр Бағдарламалық құралын коммерциялық мақсаттарда көп
пайдаланушылармен немесе кеңседе пайдалану үшін жалға, лизингке немесе қарызға ала
алмайсыз. Сізге НР Бағдарламалық құралын осы СПЛК шарттарымен анықталған жағдайлардан
өзге жағдайларда қосымша лицензия беруге, бөлуге немесе өзгедей жолмен жеткізуге тыйым
салынады.

5. ЖЕКЕМЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫ. Бағдарламалық құралдың жəне Пайдаланушының
Құжаттамасындағы барлық зиягерлік жекеменшік құқықтары HP немесе оның
жабдықтаушыларының жекеменшігі болып табылады жəне заңдармен, соның ішінде
қолданымды авторлық құқықтар, сауда құпиясы, патенттер жəне сауда белгілері жөніндегі
заңдармен қорғалған. Сізге өнімнің қандай да бір тану белгілерін, авторлық құқықтар жөніндегі
ескертулерді немесе жекеменшік шектеулерін Бағдарламалық құралдан өшіруге тыйым
салынады.

6. ИНЖЕНЕРЛІК ТАЛДАУ ШЕКТЕУЛЕРІ. Сол əрекеттерді жүзеге асыру құқығы қолданыстағы
заңдарға сəйкес берілу жағдайларынан өзге жағдайларда Сізге НР бағдарламалық құралына
инженерлік талдау жасауға, декомпиляциялауға немесе бұзуға тыйым салынады.

7. ДЕРЕКТЕРДІ ПАЙДАЛАНУҒА КЕЛІСІМ БЕРУ. НР жəне оның бөлімшелері (i) өзіңіздің
Бағдарламалық құралды немесе НР Өнімін пайдалануға немесе (ii) Бағдарламалық құралға
немесе НР Өніміне қолдау алуға қатысты жеткізген деректерді жинақтап, пайдалануы мүмкін.
Сондай ақпараттың барлығы НР компаниясының құпиялық саясатымен қамтылу нысаны болып
табылады. Өзіңіздің өнімді Пайдалануды жақсарту немесе қолдау қызметтерін көрсету
жағдайларынан өзге жағдайларда HP ондай ақпаратты өзіңіздің жеке танылуыңыз үшін
пайдаланбайды.

8. ЖАУАПКЕРШІЛІК ШЕКТЕУЛЕРІ. Сізде болуы ықтимал зақымдардың қандай болмауына
қарамастан, НР жəне оның жабдықтаушыларының осы СПЛК бойынша толық жауапкершілігі
жəне Сіздің осы СПЛК бойынша ерекше шараларыңыз Сіздің Өнім үшін төлеген ең жоғарғы
бағамен немесе 5,00 АҚШ доллары көлемінде шектелетін болады. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ
ЗАҢДАРМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ЕҢ ҮЛКЕН ШЕКТЕРДЕ, КЕЗ КЕЛГЕН ЖАҒДАЙДА НР НЕМЕСЕ
ОНЫҢ ЖАБДЫҚТАУШЫЛАРЫ НР НЕМЕСЕ ОНЫҢ ЖАБДЫҚТАУШЫЛАРЫ СОНДАЙ
ЗАҚЫМДАНУЛАРДЫҢ БОЛУ МҮМКІНДІГІ ЖӨНІНДЕ БІЛЕ ТҰРСА ДА ЖƏНЕ СИПАТТАЛҒАН
ШАРАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ОНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫНДА ОРЫНДАЛСА ДА НР
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНА АЛМАУ НƏТИЖЕСІНДЕ
БОЛҒАН КЕЗ КЕЛГЕН ҚАСАҚАНА, КҮТПЕГЕН, ЖАНАМА НЕМЕСЕ НƏТИЖЕСІНДЕГІ
ЗАҚЫМДАНУЛАР (СОНЫҢ ІШІНДЕ ЖІБЕРІЛГЕН ПАЙДА, ЖДЕРЕКТЕРДІ ЖОҒАЛТУ, ІСКЕРЛІК
ШЫҒЫНДАР, ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЖАРАҚАТТАНУЫ НЕМЕСЕ ЖЕКЕМЕНШІКТЕН АЙЫРЫЛУ)

124 Қосымша B Қызмет жəне Қолдау

KKWW

background image

ҮШІН ЖАУАПТЫ ЕМЕС. Кейбір елдер/аймақтар немесе өзге юрисдикциялар күтпеген немесе
нəтижесінде болған зақымдауларға шектеулер қолдануға рұқсат етпейді, сондықтан да,
жоғарыда сипатталған шектеулер Сізге қатысты қолданылмауы мүмкін.

9. АҚШ ҮКІМЕТТІК ТҰТЫНУШЫЛАРЫ. Егер Сіз АҚШ Үкіметтік тұлғасы болып табылсаңыз, FAR
12.211 жəне FAR 12.212 сəйкес, Коммерциялық Компьютерлік Бағдарламалық құрал,
Компьютерлік Бағдарламалық құрал Құжаттамасы жəне Коммерциялық Мақсаттардағы
Техникалық Деректер қолданымдағы НР коммерциялық лицензиялық келісімге сəйкес
лицензияланады.

10. ЭКСПОРТТЫҚ ЗАҢДАРҒА СƏЙКЕСТІК. Сіз (i) Бағдарламалық құралды экспорттауға немесе
импорттауға немесе (ii) Бағдарламалық құралды Пайдалануды шектеудің, соның ішінде ядролық,
химиялық немесе биологиялық қаруды таратуды шектеуге қатысты қолданылатын барлық
заңдарды, ережелерді жəне шарттарды қабылдайсыз.

11. ҚҰҚЫҚТАРДЫ САҚТАУ. HP жəне оның жабдықтаушылары осы СПЛК өзіңізге нақты
берілмеген барлық құқықтарды сақтап қалады.

(c) 2007 Hewlett-Packard Development Company, L.P.

Редакция 11.06

KKWW

Соңғы Пайдаланушының Лицензиялық Келісімі 125