HP LaserJet P2035 Printer series - Пайдаланушының орындайтын жөндеудің кепілдік қызметі

background image

Пайдаланушының орындайтын жөндеудің кепілдік

қызметі

HP өнімдерінде көптеген пайдаланушымен орындалатын жөндеуге арналған (CSR) бөлшектер
бар. Олар жөндеу уақытын қысқартып, ақауы бар бөлшектерін ауыстыруды жеңілдетуге
арналған. Егер диагностика кезінде HP компаниясы бұл жөндеу жұмысын CSR бөлшегі арқылы
орындауға болатынын анықтаса, ол сол бөлшекті сізге жібереді. CSR бөлшектердің екі санаты
бар: 1) Пайдаланушымен міндетті түрде орындалатын жөндеуге арналған бөлшектер. Егер сіз
HP компаниясына сол бөлшектерді ауыстыруға тапсырыс берсеңіз, сол қызметке байланысты
жол мен жұмыс ақысын өтеу сізден талап етіледі. 1) Пайдаланушымен міндетті емес түрде
орындалатын жөндеуге арналған бөлшектер. Бұл бөлшектер Пайдаланушымен орындалатын
жөндеу жұмысына жасақталған. Егер сіз ауыстыруды HP компаниясынан сұрасаңыз, бұл жұмыс
өніміздің кепілдік қызметінің түріне сəйкес қосымша ақысыз жасалады.

Бар-жоғына жəне географиялық орналасқан жеріне байланысты CSR бөлшектері келесі жұмыс
күні жеткізіледі. Сол күні немесе төрт сағат ішінде жеткізу географиялық орналасқан жеріне
байланысты қосымша ақыға ұсынылады. Егер көмек қажет болса, сіз HP Техникалық қолдау
Орталығымен телефон арқылы байланысып, техниктің көмегін алуыңызға болады. HP
компаниясы CSR бөлшектерімен бірге жіберілген материалдарында ақауы бар бөлшекті HP
компаниясына қайтару қажеттігін немесе қажетсіздігін көрсетеді. Егер ақауы бар бөлшекті HP
компаниясына қайтару қажет етілсе, онда оны көрсетілген уақытта, əдетте бес (5) жұмыс күн
ішінде қайтаруыңыз керек. Ақауы бар бөлшекті өзінің құжаттарымен бірге тасымалдау
материалдарының құрамында жіберу керек. Егер ақауы бар бөлшекті жібермесеңіз, HP
компаниясы сізден ауыстыруға жіберілген бөлшектің ақысын талап етеді. Пайдаланушымен
орындалатын жөндеу болса, HP компниясы барлық тасымалдау шығынын жəне қайтару
шығынның жартысын төлеп, тасымалдаушыны таңдайды.

126 Қосымша B Қызмет жəне Қолдау

KKWW