HP LaserJet P2035 Printer series - Лазерлік қауіпсіздік

background image

Лазерлік қауіпсіздік

Америка Құрама Штаттарының азық-түлік пен дəрі-дəрмекті бақылау жөніндегі Басқармасының
құрылғыларды жəне радиологиялық қауіпсіздікті бақылау Орталығы 1976 жылдың 1-тамызынан
бастап шығарылған лазерлік өнімдер үшін ережелер енгізді. Америка Құрама Штаттарында
сатылатын өнімдер міндетті түрде осы ережелерге сəйкес болуы тиіс. Денсаулықты сақтау жəне
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі 1968 жылы қабылданған Заңға сəйкес АҚШ Денсаулық
сақтау жəне əлеуметтік қамтамасыз ету Министрлігінің радиациялық қауіпсіздік жөніндегі
стандартына сəйкес құрылғы «1-кластық» лазерлік өнім ретінде бекітілді. Құрылғы ішінде
шығатын радиация қорғаныш қаптамалары жəне сыртқы жабындар көмегімен толық
шектелгендіктен, қалыпты пайдаланудың кез-келген кезеңінде лазер сəулесі сыртқа шыға
алмайды.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Осы пайдаланушыға арналған нұсқаулықта көрсетілмеген басқару

құралдарын пайдалану, реттеулер немесе процедураларды орындау радиациялық қауіптің
пайда болуына алып келуі мүмкін.